Жамбыл облысында жаңартылған жылу жүйелері жылу энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді

Жамбыл облысында жылу жүйелері жаңартылды. Бұл туралы «Тараз жылу тасымалдау» мекемесінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға байланысты өткен жиында айтылды. 2016-2018-ші жылдары электр тораптары және жылу жүйелеріне инвестициялық бағдарлама арқылы заманауи стандартқа сәйкес жөндеу жұмыстары жоспарланған. Бұл бағытқа өткен жылы 50 млн-нан аса қаражат бөлінсе, биыл оған 60 млн. теңге қарастырылып отыр. Бұған дейін қалалық жылу желілерінің учаскелерін ауыстыру жұмыстары жүргізілілген. Мәселен, 1 238, 238 млн. теңгеге Б.Момышұлы, Сейфуллин көшелерінің бойымен М-8 жылу магистралін, 2 191, 260 млн. теңгеге  Жамбыл даңғылы, Рахимов, Жұбанышев көшелерінің бойымен М-5 жылу магистралін, 192, 258 млн. теңгеге Сүлейменов көшесі бойындағы ТК-225 ішкі кварталдық жылу жүйелерін Қойгелді көшесіндегі К-11-ге дейін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, «Жамбыл-Жылу» мекемесі бойынша қалада 40 қазандық және 39,5 шақырым жылу желілері бар. Кәсіпорынның технологиялық қондырғыларына  және жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күні кәсіпорында инвестициялық бағдарламаға сәйкес №21, 14 және №56 орта мектеп қазандықтарында жылу желілерін және қондырғыларды ауыстыру, РК-1 қазандығына ғимаратты күрделі жөндеу жұмыстары, ішкі технологиялық құбырларды ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Инвестициялық бағдарлама аясында орнатылған қондырғылар жылу шығындарын азайтып қана қоймай,  жылу энергиясын үнемдеуге де мүмкіншілігі бар. Бұған дейін ескі қондырғыларда жиі ақау шығып,  жылу жүйесі жиі өшіп қалатын еді. Енді жаңа технологиялар мұндай олқылықтарға жол бермеуі керек – дейді мамандар. Тағы айта кетерлігі, ағымдағы жылы “Нұрлы жол” бағдарламасымен Тараздың магистральді жылу жүйелері, ұзындығы 12,4 км жолды қайта жаңғырту жоспарланған. Биыл үш жоба бойынша 3,1 км жылу жүйесі ауыстырылыпты.

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті арнайы тарифтік бағаны бекіткен. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444