Баламалы энергия көзі ұлғайтылуда

Түркістан облысындағы 120 мыңға жуық халқы бар Төле би ауданы енді 5 жылдан соң тек өздерінде өндірілген электр қуатын тұтынатын болады. Қазір аймақта баламалы энергия көзін ұлғайтуға байланысты 7 ауқымды жоба жүзеге асуда. Атап айтқанда, Сайрамсу және Қасқасу өзендерінің бойынан 6 шағын су электр станциясы бой көтеруде. Оның ішіндегі бір станциясының құрылысы тамыз-қыркүйек айларында аяқталады. Құны 1,5 миллиард теңге болатын станция 5 мегаватт қуат өндіреді. Жалпы, өндіріс пен туризм саласы қарышты дамып келе жатқан ауданда жыл санап электр қуатының тапшылығы байқалады. Осыдан бес жыл бұрын Төле биде тек 5 миллиард теңгенің ғана өнеркәсіп өнімі өндірілген болса, қазір ол 6 есеге өскен. Туристік демалыс аймақтарының саны да 30-дан аса баламалы энергия көзін ұлғайтуға байланысты қолға алынған жобалар тұтастай жүзеге асса, электр қуатына деген сұраныс толығымен шешіледі.  Бұл жоба аудандағы индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына да қосар үлесі қомақты. Мұхтар Өсербаев, Төле би ауданы әкімдігі Кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы: «Бұдан басқа, қазір Күн энергиясынан қуат алу жобасына жер учаскесі бөлініп, жұмыс атқарылып жатыр. Ол Ленгер қаласында болады. Егер ол қосылса, аудан көлемінде 25 мегаваттық қуат өндіріледі».

 

 

Астананың 20

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444