Сұрыпы жақсы, өнім молынан …

Түркістан облысындағы Түлкібас ауданы таулы өңір, мал баққанға да, егін салғанға да қолайлы. Ең бастысы алманың отаны атанған ауданда бүгінде бау шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары көп. Түлкібас ауданының бау – бақшаның отаны атануы да тегін емес. Оған бір ғана «Көктал»  шаруашылығына қарасты 150 гектар баудың өзі дәлел болып тұрғандай.  Мұнда Италия, Польша, Түркия мемлекеттерінен  әкелінген таңдаулы көшеттер егілген.  Алдағы уақытта осы   бұл өнімдерді елімізден тыс, алыс-жақын шетелдерге де экспорттау мақсаты тұр дейді мамандар. Бақыт Құрманбеков,  «Көктал» ЖШС директоры: «Интенсивты алма бауымен айналысады. Қазіргі таңда 150 гектар жерге алма көшеттері егілді. Италия, Польша, Туркиядан келген көшеттер өсірілуде, 2 жылдай өнімін алудамыз. 11 техника бар, негізгі штатта 17 адам, маусымында 60-70 адамдай жұмыспен қамтылады».  Көшет жақсы болса өнімі де солынан болады. Серіктестіктің агрономдары таңдап, талғап жүріп өнімді молынан салатын алманың сұрыптарын таңдап отырғызған. Суғаруы да, баптауы да келіскен алма бауында өнім жайқалып тұр. Алғашқы нышан көрсеткен алмалар келер жылдан бастап молынан өнім бере бастайды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444