ВЕБИНАР: Әбу Насыр Әл-Фараби еңбектеріндегі парасатты тұлға феномені

М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Парасат» басқармасы мен «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі  «Әбу Насыр Әл-Фараби еңбектеріндегі парасатты тұлға феномені» атты вебинар өткізді. Вебинар барысында «Шымкент-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жани Сейдуллаұлы жастарды академиялық адалдыққа жат әрекетке бармауға, парасатты тұлға феноменін түсінуге, сәйкес адал тұлға болуға байланысты ойымен бөлісті. Жастар ғұлама туралы білетін өз мәліметтерімен бөлісті. Басқарма басшысы Гүлбақыт Сейсенбекқызы Әл-Фараби туралы қазіргі тың деректермен бөлісті. Вебинар соңында екінші ұстаз көзқарастарын зерделеу нәтижесінде «Әл-Фараби еңбектеріндегі парасатты тұлға-ақыл-парасатқа ие, қанағатшыл тұлға» деген тұжырым жасалды. Парасаттылық дәрісі «Еліңнің болашағын білгің келсе-маған жастарыңды көрсет» деген нақылмен жастарға ой салып аяқталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444