«ШЫМКЕНТ — АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ – ӘКІМНІҢ ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Шымкент — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы болып Жани Қамбар тағайындалды.

Қамбар Жани Сайдуллаұлы Шымкент қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

Жобалық кеңсе басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары болған.

Сонымен қатар, Ж.Қамбар Шымкент қаласы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Айта кету керек, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметі қоғамдағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мегаполистің мемлекеттік органдарына азаматтардың сенімін арттыруға бағытталған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444