Жастардың білім алуына кең жол ашып берді

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА – 25 жыл!

Мақалада Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай Шымкент қаласындағы өзбек этномәдени бірлестігінің өзбек жастарымен жүргізген жұмыстары баяндалады. Сонымен қатар Шымкент қаласында орналасқан өзбек мектептеріндегі өзбек тілі мен әдебиетін оқыту әдістемелері, өзбек тілді мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында семинарлар мен конференциялар өткізілгені айтылады.  

Өзбек жастар ұйымы шешен-ингуш пен татар-башқұрт жастар ұйымдарымен бірлесе отыра республикада алғаш рет Шымкент қаласында Ассамблеяның жанында Жастар Одағын құрған болатын.

Қазақ химия-технологиялық институтының аға оқытушысы Эшполат Қырғызбаев өзбек мәдени орталығының 1992-1999 жылдары төраға болған М.Исақовтың орынбасары ретінде жастардың жоғары білім алуларына мүмкіншілік жасау бойынша бірталай жұмыстарды атқарды. Ол педагог Фархад Асилов және өзге де белсенділермен Өзбекстан мен Қазақстан Білім Министрліктері арқылы студенттерді өзара ауысып оқыту туралы келісімге қол жеткізді. Олар қазақстандық өзбек жастары Өзбекстанның жоғары оқу орындарында (20 студент) әрі арнайы-орта оқу орындарында (40 студент), өзбекстандық қазақ жастары Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуына квота бөлінуіне қол жеткізді. Сондай-ақ, Шымкент Мемлекеттік Педагогика институтында “Өзбек тілі мен әдебиеті”, “Бастауыш өзбек сыныптарының педагогикасы мен методикасы”, “Еңбек пәні мен сызу пәні” мамандықтары, Шымкент гидромелиоратив техникумында өзбек тілінде “Бухгалтерлік есеп” мамандығы ашылды. Э.Қырғызбаевтың денсаулығына байланысты бұл игі істерді орталық төрағасының орынбасары Абдували Абдухалықов жалғастырды.

Мұнан кейінгі 1999 жылдары И.Хашимжанов басшылығындағы өзбек мәдени орталығы білім саласына аса көп көңіл аударды. Орталық ЕҚЫҰның аз санды ұлттар ісі жөніндегі Бас Комиссары Кнут Воллебек (Ван де Стуль, Астрид Торс) мырзамен келісім-шарт негізінде 2001 жылдан бері әріптестік орнатты. Келісімнің негізгі мақсаты – өзбек тілінде сабақ беретін мектептерде билингвалды және көптілді білім беру жүйесін енгізу. Осы тұрғыда мақтауға лайық бірқатар істер атқарылды. Қала мен аудандардағы 15 мектеп билингвалды және көптілді тірек мектебі болып бекітілді. 2014 жылдың 13 мамыр күні Шымкент қаласындағы Ю.Сарями атындағы 107-мектеп-гимназиясында “Ұлттық тілде білім беретін мектептерде көптілді білім беру жүйесін іске асырудың 2013-2015 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асырудың қиыншылықтары мен жетістіктері тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Жиында облыс, қала мен аудандардың білім беру басқармаларының басшылары, “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚның  ПҚБАИның қызметкерлері, ұлттық мәдени орталықтарының мүшелері, мектеп директорлары мен ұстаздар қауымы, БАҚ өкілдері қатысты. Өзбек тілінде сабақ беретін мектептерде билингвалды және көптілді білім жүйесін іске асыруда Ю.Сарями атындағы 107-мектеп-гимназиясының директоры Баходир Нуралиев, “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚның  ПҚБАИның қызметкерлері Бегмат Турдиқулов, Элмира Мухиддинова мен Махфуза Мусаевалар белсенділік танытты.

Өзбек мәдени орталығының оқу саласы жөніндегі төраға орынбасары Бегмат Турдиқулов мен оның көмекшісі Нурхан Досметовалар  өзбек мектептерінде өзбек тілін оқыту методикасын ары қарай жетілдіру мақсатында жүйелі түрде  білім басқармасы мен  мұғалімдер біліктілігін жетілдіру институтымен бірлесе семинар және конференциялар ұйымдастырып отырды.  Өзбек тілі мен әдебиеті оқытушылары арасында пәндік олимпиадалар, түрлі байқаулар өткізілді. Өзбек мәдени орталығының ұсынысы әрі  білім басқармасының қолдауымен өтетін өзбек тілі мен әдебиеті пәндік олимпиадасына 2001 жылы республикалық статус берілді, олимпиада жеңімпаздары “Алтын белгі” төсбелгісімен марапатталатын болды.

Ғайрат Қырғызбаев

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444