Ынтымақтың түбі — игілік

Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл аясында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Шымкент қалалық Абай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен аудан аумағындағы №52 және №48 жалпы орта мектептерінде мемлекеттік этносаясатты насихаттауға арналған топ Қатын көпір және Қазығұрт шағын аудандарының тұрғындарымен кездесті.

Шымкент қалалық Қоғамдық келісім кеңесі басшысы бастаған топ мүшелері тұрғындарға бірлігімізді нығайтып, берекемізді арттыруда қазақ халқының айналасына топтасудың маңыздылығын кеңінен сөз етті. Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасары, Шымкент қалалық Қоғамдық келісім кеңесі басшысы, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары аудандық прокуратура қызметкерлері және ауыл билері мен аудан тұрғындары қатысты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444