ШЫМКЕНТ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ГОСПИТАЛЬГЕ БАРЫП, ПРОВИЗОРЛЫ, КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАРЛАРДЫ АРАЛАДЫ

Жұқпалы аурулар орталығының жұмысымен танысу барысында Мұрат Дүйсенбекұлына қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Рустам Албаев госпитальдегі қазіргі жағдайды баяндады. Айтуынша бүгінде инфекциялық госпитальде 77 палата және 2 реанимациялық зал бар. Оттегі жеткілікті. Мұнда covid 19 және пеневмонияға шалдығып, денсаулығы ауыр жағдайдағы науқастар түсуде екен.
«Госпитальдің жансақтау бөліміне түсіп, кейін денсаулығы оңалып тұрақталған, алайда бірнеше күн тағы дәрігер бақылауында болуы керек науқастарды провизорлық орталықтарға ауыстырып, ауыр жағдайдағы науқастарға орын дайындау жағын қарап, шешіңдер. Жедел жәрдем қызметкерлері ары-бері сандалмауы керек», — деген тапсырмасын берді қала әкімі.
Мұнан кейін Мұрат Әйтенов Қазығұрт шағын ауданындағы №86 мектепте дайындалып жатқан күндізгі стационарға барды. Ғимаратта жүзден астам науқасты қабылдауға мүмкіндік бар. Тағы орын қажеттілігі туындаса, нысанның екінші қабатын да қолдануға болады. Бұл күндізгі стационарға дәрі жеткізу мәселесі де шешілген. Дәл осындай стационарлар Сәуле, Ақжар шағын аудандарында да дайындалуда екен.
Сонымен қатар, әкім пневмонияға шалдыққандарды қабылдап жатқан провизорлық орталыққа барды. 100 орындық Ардагерлер үйінде қазір 25 науқас ем қабылдауда. Бұл жөнінде №2 емханасы Бас дәрігерінің орынбасары Э.Ермекбаева айтты.
«Жедел жәрдеммен жеткізілген науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетілуде. Егер де ауруханаға жатқызылу керек жағдай болса, бос орындар бар. Екі ауысымда 20 дәрігер жұмыс жасауда. Науқастардың жағдайы тұрақты» — дейді ол.
Сондай-ақ, жеңіл атлетика манежінде күндізгі стационар ретінде бес жүзге жуық төсек-орын дайындалуда. Қала әкімі спорт кешенінде болып, ондағы жұмысты үйлестіру және қажетті жабдықтармен қамту мәселесі бойынша нақты тапсырмалар берді.
«Мұнда келуші науқастар еш қиындықсыз емделуі керек және халықты күттірмеңдер. Басты мақсат — әрбір адамның ем алуы қолжетімді болуы тиіс» — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Мұнан өзге қала басшысы ауыр жағдайдағы науқастар ғана емес, жеңіл формадағы аурулар үшін де барлық жағдайдың дайын болуы үшін нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысандардағы карантиндік талаптардың сақталуын өзі көріп қайтты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *