Қазақ xалқына құрмет

Алғыс айту күні — Елбасы басшылығымен тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Сондай-ақ бұл — тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі ұлт өкілдері ұрпақтарының бауырмал қазақ халқына тағзым ету күні. Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай этнос жастары жүрекжарды тілегін білдірсін. 

Шымкент қаласындағы өзбек диаспорасының өкілі Шоxсина Мелибаева: «Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толады. Осынау ширек ғасырда кеше күнімізге көз тастар болсақ, шыққан белесіміз көп. Дүниежүзі елдері арасында мәртебеміз жоғары. Бұл Елбасы салып берген біртұтас мемлекеттік саясаттың арқасы, экономикамыздың өркендеуі — бейбіт өміріміздің кепілі екенін бүгінгі жастар жақсы біледі. Жалпы қазақ тіліне деген құрмет пен қазақ xалқына деген құрмет қатар жүруі тиіс. Әкем өзбек, анам қырғыз, өзім — қазақпын дегенді мақтанышпен айта аламын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444