Жеміс пастилласын дайындауды қолға алды
Қазақстан Халқы Ассамблеясына 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Шымкент қаласындағы славян этномәдени бірлестігінің өткізген көрмеде тамаша позитивті Тамараның қолымен әзірленген пастилланың дәмін татып көруімізге тура келді. «Шетелде жұмыс істеп келсем де, Қазақстанға жетер жер жоқ. Қазақстан түрлі этнос өкілдерінің басын біріктіріп, тату-тәтті қарым-қатынас арқасында дамып келе жатқан мемлекет. Бұл Тұңғыш Президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының қалдырған дара жолы деп білемін» дейді кәсіпкер келіншек.
Анламасова Тамара – жеміс пастилла дайындауды қолға алды
Тамара Анламасова жақында өз асханасынан пастила мен пайдалы қытырлақ снэкилер дайындай бастады. Бұл ой Тамараға Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген кезінде келген екен. «Жақында туып-өскен жерім Шымкентке оралдым. Пастилланы бала кезімде сүйіп жейтінмін. Кейінірек бұл тағам түрі дүкендерден көрінбей кетті… Жұмыстың ретімен Оңтүстік Кореяға барғанымда – ол жақтағы пастиллаларды жеп көріп, бала кезімдегі дәмі тіл үйіретін таныс дәм есіме жылыұшарай орала кетті. Негізі кәрістер қантты аз тұтынады. Олар дұрыс тамақтану режимін қатаң ұстанады. Ал, пастилла дұрыс тамақтанудың бірден-бір құралы дер едім. Себебі, пастилла тек жемістерді пюреге айналдырып, кептіруден тұрады. Әрі дәмді, әрі пайдалы емес пе? Шымкентке келген соң, жеміс кептіргіш аппарат сатып алдым да, дереу алмадан пастилла дайындауға кірістім. Қазір сыртқы орауыш қораптарын әзірлеп, сауда нүктерлеріне шығара бастадым.
Өз еңбегіне ынты-шынтысымен берілген Тамара мұнымен тоқтап қалмақ емес, әрі қарай пайдалы қытырлақ снэкилер дайындау ойында бар. Біз оған табыс тілейміз!