Максименко Ольга — авторлық әшекей бұйымдарын жасау шебері

Қазақстан Халқы Ассамблеясына 25 жыл. Таяуда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына ширек ғасыр толуына орай славян этномәдени бірлестігі ұйымдастырған көрмеде талантты қолөнершілердің бұйымдарымен танысудың сәті түсті. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз орыс ұлтының өкілі, әрі бірлестік мүшесі Максименко Ольга.

Максименко Ольга — авторлық әшекей бұйымдарын жасау шебері

Ольга табиғи тастардан дизайндық әшекейлер жасау өнерімен айналысады. Ертеде жануарлардың тісі мен сүйегін әшекей ретінде таққанын археологтар айтады. Одан бері де адамзат баласы үстіне киім кигеннен бастап, әшекей жасауға әуес болды. Қазіргі біздің заманымызда қарқынды дамыған кәсіптің бірі – әшекей бұйымдар. Дегенмен, бұл өнерге асқан ептілік, бай қиял керек, содан соң, жан-дүниеңмен ынталы атқарсаңыз жеткілікті. Ольга табиғи тастардан алқа, білезік, моншақтар жасаумен шектеліп қалмай, түрлі орнаменттер, логотиптер, символдар белгісін тапсырыспен әзірлей алады.  Көптеген тұтынушылар авторлық дүниелерді ұнатады. Өзіндегі әшекейдің ешкімге ұқсамағанын қалайды. Міне,  осындай кезде Ольганың туындылары ерекше болып есептеледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444