ШЫМКЕНТТЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласы бойынша экология департаментінде «Экология, геология және табиғи ресурстар — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қалалық филиалы ашылды.

Аталған жобаның мақсаты қоғаммен ашық диалогты қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамауды қалыптастыру болып табылады.

Ашылу салтанатына «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев,  қалалық экология департаменті басшысынын орынбасары К.Бейсенбаев қатысып, Жобалық кеңсенің жұмысына сәттілік тіледі.

«Жоба экология саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және тұрғындармен өзара қатынасты жақсартуға ықпал етеді деп сенемін. Және бұл жобалық кеңсе «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бір бөлігі болмақ» — деді Е.Төлебаев.

Сондай-ақ, ол «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүзеге асырылып отырған жобалармен таныстырды.

Ашылу салтанатында К.Бейсенбаев алаңның тиімділігін арттыру мақсатында Жобалық кеңсе жұмысы Департамент басшылығының бақылауында болатынын, әрі арыз-шағымдарға уақытылы жауаптар берілетіндігін жеткізді.

Айта кетейік, «Экология, геология және табиғи ресурстар — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қалалық филиалын үкіметтік емес ұйымның өкілі Н.Айнабеков басқаратын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444