Иран мәлімдеме жасады
Иран соғысуға мүдделі емес екенін, ал АҚШ базаларына зымыран соққысын өзін өзі қорғау мақсатында жасағанын мәлімдеді, — деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Джавад Зариф хабарлады. «Иран БҰҰ-ның 51-жарғысына байланысты өзін-өзі қорғау мақсатында біздің азаматтарымыз бен жоғары лауазымды адамдарға қарсы қарулы шабуыл жасалғандықтан базаға соққы жасады. Біз соғыс ашуға мүдделі емеспіз, алайда өзімізді кез келген агрессия алдында қорғаймыз», — деді Зариф Twitter желісіндегі парақшасында.