Мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі

2019 жылдың 11 желтоқсан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Шымкент қаласының әкімдігі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекетттік корпорациясының жергілікті филиалымен бірлесіп №1 ХҚКО-да мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесін өткізді.

Жәрмеңкенің мақсаты — азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттандыру, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау және салалық кеңес беру.

Бұл іс-шараға Қала әкімдігінің басқармалары, көші-қон салаларының уәкілетті өкілдерімен қатар,  ХҚКО мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісінің» жауапты мамандары қатыстырылды.

Жәрмеңке барысында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі мен олардың қолжетімділігі туралы насихаттық жұмыстар жүргізілді.

Осылайша қаламыздың тұрғындары көп шоғырланған №1 ХҚКО-да жәрмеңкеге келушілердің цифрлық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру жұмыстары жүргізілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444