ШЫМКЕНТТІК КОЛЛЕДЖДЕ ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Парасаттылық ұғымы ақылдылық пен білімпаздық, мәдениеттілік, көрегенділік мағынасында қолданылады. Тиісінше, парасаттылықты бойына сіңірген адам, ешкіге қиянат жасамай, адал жолмен жүріп, жемқорлыққа жол бермейді.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай қалалық Политехникалық колледжде «Парасаттылық мектебінің» салтанатты түрде ашылуы өтті.

Парасаттылық мектебінің мақсаты — жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру және жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындау болып табылады.

Яғни, Мектепте  парасаттылық, адалдық, әділдік принциптері бойынша студенттерге арнайы сабақтар өткізіледі.

Ашылу рәсіміне «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңесінің басшысы  Е.Төлебаев, Арнайы мониторингтік топ мүшесі Ә.Әссанди, Парасаттылық штабының мүшесі Т.Казьмин және қалалық білім басқармасының өкілдері, колледж ұжымы мен студенттері қатысты.

Ерасыл Төлебаев «Парасаттылық мектебінің» аталған колледж қабырғасында ашылғанына ризашылығын білдіріп, жас ұрпақтың бойында біліммен  қатар,  парасаттылық құндылықтарын үнемі жетілдіріп отыруға шақырды.

Колледж басшылығы «Sanaly urpaq» студенттік клубының жұмысымен таныстырып, студенттер бойында парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру бойынша тек арнайы сағаттарда ғана емес, күнделікті сабақ барысында айтылып отыратындығын жеткізді.

Шара барысында студенттер өз өнерін көрсетіп, қатысушылар жемқорлықсыз Қазақстанды қалыптастыру үшін арды тазартып, абыройды ойлау қажеттігін жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444