Биыл Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық ынтымақтастыққа 25 жыл

ЕХРО қалашығында Түркия елінің ұлттық күні аталып өтті. Түріктер Ыстамбұлдағы жаңа әуежайдың құрылысына жылуды ұстап тұратын шыны әйнектерді пайдаланады. Қуат көздерін үнемдеуге сеп болатын мұндай технологиялар Қазақстан үшін маңызды. ЕХРО қалашығындағы Түркия Республикасы ұлттық күнінің ашылу салтанатына қатысқан еліміздің ұлттық экономика министрі осылай деді. Тимур Сүлейменов арнайы келген делегация мүшелерімен осы елдің павильонын аралып, ондағы жобалармен танысты. Түркия жылына баламалы қуат көздері арқылы 72 ГВт энергия өндіреді. Бұл елдегі қажеттіліктің 18,5 пайызын жабуға мүмкіндік береді. Ал 2025 жылы бұл көрсеткішті 30 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі: – Түріктер бізге қуат көздерін үнемдейтін қандай технологияларды енгізуге болатындығын көрсетті. Мәселен олар Ыстамбұлдағы жаңа әуежайдың құрылысына шыны әйнектерді қолданады. Бізге энергияны едәуір үнемдеуге сеп болатын осы технологияны жан-жақты қарау керек. Бауырлас ел көрмеге келушілерге тәттілер таратып, ыстық ықыласпен қарсы алды. Аумағы 1 мың шаршы метрді алып жатқан көрме ғимаратын аралап, Түркияның тарихы мен мәдениеті туралы кеңінен ақпарат алуға болады. «Болашақ  энергиясы» тақырыбындағы жобалар да қойылған. Түркия павильонын күнделікті 9 мыңға дейін, ал демалыс күндері 15 мыңнан аса адам келіп тамашалайды екен.

Биыл Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық ынтымақтастықтың 25 жылдығы болатын. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады. Бірнеше минуттың артынан Түркия Республикасы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін таныған тұңғыш ел болды. Тәуелсіздіктің артынан Қазақстан мен Түркия арасында қол қойылған көптеген мемлекет аралық келісімдер мен хаттамалар арқылы  әртүрлі салаларда қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтың негізі қаланды. Түркия мен Қазақстан арасында саяси ынтымақтастықтың шыңға көтерілуімен бірдей уақытта Қазақтан Республикасы Түркияның Еуразия жағрапиясындағы ең маңызды саяси және экономикалық ортақтарынан біріне айналды. Қазақстан-Түркия қарым-қатынастары әсіресе соңғы кездері тығызданды. Бұл  жағдайда Қазақстанның сыртқы саясатында одан белсенді болуының және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі уақытша мүшелігі сияқты мойындаған маңызды міндеттерінің рөлі бар.

Орталығы Стамбұлда болып табылған Түрік Кеңесі, орталығы Әзірбайжандағы Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы, орталығы Қазақстандағы Халықаралық Түрік Академиясы және орталығы Анкарадағы Халықаралық Түріксой Ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар мәдени және саяси салада мүше елдер арасындағы ынтымақтастықтарды мекемелік тұрғыдан нығайтуда. Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығы экономикалық тұғырына қоса бұл мекемелердің жұмыстарын қамтиды. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың келесі жылдарда оқу саласында да артуын күтеміз. Әсіресе Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің Алматы мен Астанада да филиалын ашуы және осындағы озат студенттерді де қатарына қосуы пайдалы болады.

Түркия Республикасы үшін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызы үлкен. Түркия түркітілдес республикалармен ынтымақтастық жетілдіру бағытында әр қашан Нұрсұлтан Назарбаевты «Түркі әлемінің ақсақалы», «Түркі әлемінің білікті көшбасшысы» сияқты атаулармен атайды. Анкарада Назарбаевтың бір мүсіні тұрғызылды. Бұл — «Түркі әлемінің ақсақалына» түрік халқы көрсеткен құрметтің бір белгісі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444