ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚТЫҚ ЗАҢГЕР» НАУҚАНЫ ӨТЕДІ
22 қараша сағат 17: 00-де Қазақстанның барлық қалаларында «Халықтық заңгер» атты жалпы ұлттық науқан басталатынын хабарлаймыз.
Шымкентте науқан төмендегі мекен-жай бойынша өткізіледі:
- Mega Planet Шымкент (Тәуке-хан даңғылы 13);
- Шымкент қаласы Абай аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі (Мәделі Қожа көшесі, 16/1).
Біздің мақсатымыз осы науқан арқылы — халықтың құқықтық сауатын арттыру. Кез келген азамат заңгерлік қоғамдастықтың үздік өкілдерінен қажетті кеңестер ала алады. Олардың қатарында танымал заңгерлер, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, әділет қызметкерлері, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімдерінің өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары және т.б. қатысады.
Науқанды ұйымдастырушылар — zakon.kz интернет-басылымы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Параграф ақпараттық жүйесі. Сонымен қатар бұл науқанды Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары қолдады.
Осы жылдар ішінде «Халық заңгері» науқаны қарапайым Қазақстандықтар үшін дәстүрлі және сүйікті жобаға айналды.
Бүгінгі таңда, ауқымы мен географиялық көлемі жағынан «Халық заңгері» науқанының тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде де теңдесі жоқ.