ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 200-бабына сәйкес, құқық бұзушылықтардың және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою бойынша ұсынуды ұжымда қарау жалғасын табуда.
Бұл жолы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, басшының орынбасары К.Қабылбеков, қалалық статистика департаментінің ұжымымен кездесті. Сонымен қатар, аталған жиналысқа Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Ғ.Ташқараев қатысты.
Кездесу барысында Статистика департаменті персоналды басқару қызметінің бас маманы қатысты ұсыну қаралды. Ол Баға статистикасы басқармасының жетекші маманы бос лауазымына жүргізілген конкурстан үміткер азаматты өткізіп, аталған қызметке орналастырып беремін деп, алдау арқылы заңсыз 450 000 (төрт жүз елу мың) теңге ақша қаражатын иемденген деп күдіктелетіндігі айтылды.
Сонымен қатар, Департамент басшылығы ұжымда парасаттылық қағидаттарын – адалдық, әділдік, әдептілік және сатылмаушылық құндылықтарын енгізуге назар аударды.
Қалалық мәслихат хатшысы ұжымда жас мамандардың үлесінің көптігін айтып, еліміздің дамуы үшін адал қызмет етуге шақырды.
Шара қорытындысымен бас маманды теріс қылықтар бойынша жұмыстан шығаруды қарастыруды, сонымен қатар, тікелей басшылардың жауапкершілігін қарауды, алдағы уақытта осындай фактілерді болдырмау бойынша шараларды қабылдау туралы мәселені қарастыру ұсынылды.
Сонымен қатар, шараға қатысушыларға қалалық статистика департаментінің жұмысы таныстырылды.