ДІН ӨКІЛДЕРІ ИГІ ЖАҚСЫ АМАЛ – АДАЛ ЖОЛДЫ ҮНДЕЙДІ

2019 жылғы 28 наурыз күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен руханият өкілдері дөңгелек үстелде кездесті.

Облыс көлеміндегі барлық аудан, қаланың дін өкілдері қатысқан жиында облыстық дін істер басқармасы басшысының м.а. Р.Жүнісова модератор болды.

Жиында сөз сөйлеген Департаменттің басқарма басшысы Н.Құдайбергенов сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда рухани-адамгершілік жағдайын қалыптастыруда дін өкілдерінің алатын орны ерекше екендігін атап өтіп, облыстағы барлық мешіттердегі жұма намаздарға келушілерге жемқорлыққа қарсы түсіндіру шараларын жүргізуді ұсынды. Бұл ұсынысты жиынға қатысушы имамдар бірауыздан қолдады.

Жиын барысында қазығұрт ауданынан келген бас имам М.Әлімбеков «Жемқорлық еліміздің дамуына кедергі келтіретін кесел деп айтуға болады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі біздің діни басқарманың күн тәртібінен түскен емес, үнемі жамағат жиналатын орындарда уағыз насихаттарда айтылады. Бұл індетпен күресу тек мемлекеттік мекемелердің жұмысы емес, онымен бүкіл қоғам болып күресуіміз керек, сондықтан еліміздің өркендеуі жолында игі жақсы амалдарды жасауға және жемқорлық індетімен күреске бірге атсалысайық деп — сөзін қорытындылады.

Іс-шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныс, пікірлер айтылды.

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444