«Олжа» шаруа қожалығы 3500 бас ірі қара бордақылайды

Меркінің сүт өңдейтін екі үлкен зауыты бар. Қазіргі таңда сүт тапшылығы да байқалады. Сондықтан, асыл тұқымды ірі қараны көбейту бағытындағы жұмыстарды қарқынды жүргізу күн тәртібінде тұр. Сондай ақ, өңірде мал бордақылап, табиғи таза өнімді шекарадан асыру жолға қойылып келеді. Жыл басынан Иран мен Бахрейін елдеріне бес жүз тоннадан астам қой еті экспортталған. Тағы бір айта кететін жәйт аграрлы ауданда дихандар 100 мың гектар алқапқа егін еккен. Ал, кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша жалпы құны 1,7 млрд теңгені құрайтын екі инвестициялық жоба жүзеге асырылып отыз сегіз жаңа жұмыс орындары ашылған. Бұдан бөлек, ауданға инвестиция тартып, жаңа өндіріс орындарын ашу да жоспарланып отыр. Бүгінде Меркі ауданындағы «Олжа» шаруа қожалығы 3500 бас ірі қара бордақылап, көршілес облыстарға өткермек. «Олжа» шаруа қожалығы 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Алғашқыда мұнда төрт жүз ірі қара болған. Кейінірек бұл көрсеткіш 1500-ге жетті. Қазір шаруа қожалығының меншігінде үш мың мал басы бар. Барлығы елу адам еңбек етеді.

– Қажетті жем шөптің бәрін науқан кезінде өзіміз дайындаймыз. Жетпегенін тұрғындардан сатып аламыз. Ал бордақыда тұрған бұқалардың бесм түрі бар. Асыл тұқымды өзіміздің шаруашылығымызда бар. Ақбас және тұқымдарын бордақылап жатырмыз, – дейді Абылай Раисов.

Шаруа қожалығында бордақыланған мал еті Алматы мен Қырғыз еліне экспортталады. Иран елінен де сұраныс түсуде. Сұраныстың артуына байланысты жыл сайын мұндағы мал басы сегіз жүз-тоғыз жүз басқа көбейеді екен.

– Күніне үш мезгіл шөп, үш мезгіл жем береміз. Арнайы вакциналар егеміз. Таңғы сағат сегізден кешкі жетіге дейін қатаң талапты сақтай отырып азықтандырамыз. Сонда салмақты тез қосады, – дейді шаруашылық меңгерушісі. Меркі ауданы жасыл таби­ға­тымен ерекше. Сонымен қатар мал жайылымына да қо­лай­лы аймақ. Бүгінде мал басын көбейтуді, асылдандыру­ды қолға алып отырған меркілік шаруа­лардың жоспары ауқым­ды. Олар әрдайым мемлекет қол­д­ауының нәтижесінде жоға­ры көрсеткішке қол жеткізіп келе жатқандығын айтады. Бүгін­де Жамбыл өңірінде алдың­ғы­лар­дың бірі болып ауыл шаруашылығы кооперативін құ­рып, ет, сүт бағытында жұмыс ат­қа­рып келе жатқан, сонымен қатар мал басын көбейтуде көп­теген тәсілдерді қолданып отыр­ған Меркі ауданының мүмкіндігі асыраушы саланы алға шығаруымен ерекше.

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444