Әрбір тұтынушы тауардың сертификатын талап етуі тиіс

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті  мамандары тауар сапасы жөнінде арнайы жиын өткізді. Әрбір тұтынушы

тамақ және  өнеркәсіп өнімдерін сатып алған кезде сатушылардан  сертификаттар немесе сәйкестік декларациясын талап етуі тиіс. Сондай-ақ, жиын барысында өнімге арналған «сұр сертификаттарға» қатысты да күмәнді мәселелер көтерілді.

Сертификаттау (куәландыру) дегеніміз — азаматтардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және айналадағы ортаға  өнімнің қауіпсіз болуы талаптарына сай келуін тексеру. Еліміздің нарығына қауіпті өнімдерді кіргізбеу және «сұр сертификаттардың» берілгені туралы фактілерге шұғыл шара қолдану мақсатында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті Мемлекеттік бақылау органдары арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленген.

Алгоритмге сәйкес, Мемлекеттік кірістер комитеті ай сайын шартты түрде шығарылған тауарларды қоса алғанда, тауарлар импорты бойынша сыртқы сауда саласындағы мәліметтерді мониторингілеу және берілген сәйкестікті бағалау құжаттар тізілімімен салыстыру үшін Техникалық реттеу және метрология комитетіне жолдайды. Жүргізілген процедуралар қорытындысы бойынша, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті өңделген мәліметтерді өзінің аумақтық департаменттеріне, сонымен қоса ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне жолдайды. Бұдан әрі үш Комитеттің аумақтық департаменттері, Техникалық реттеу және метрология комитеті өңдеген мәліметтердің негізінде қауіпті өнімдерді шығару және өткізуге жол бермеу шараларын қолданады.

Міне, осы кездесуде өнімге арналған сертификаттар мен заңсыз «сұр сертификаттар» туралы техникалық реттеу саласындағы бірқатар мәселелер түсіндірілді. Мәселен, біздің елдің аумағына өнімді әкелу кезінде кедендік тазалау үшін белгілі бір құжаттар тізімін ұсыну талап етіледі. Осы құжаттардың бірі өнімнің сәйкестігін бағалау туралы құжат, яғни сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация болып табылады. Демек, сұр сертификаттар – өнімнің сәйкестігін бағалау бойынша бірдей құжаттар, тек олар заңсыз түрде, тестілеусіз, яғни жалған болып шығарылады. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге техникалық регламенттің талаптары бойынша сәйкестігін растау органдарын таңдау кезінде сертификатты тез және арзан түрде береміз деп күмән келтіретін азаматтар да бар, —  дейді сала мамандары. Ал, аталған талаптар орындалмаса, сәйкестікті бағалау рәсімін белгіленген тәртіппен өткізіп, оған әкімшілік айыппұл төленеді. Сонымен тұтынушылар қандай да бір тауар алған кезде құжаттың дұрыстығына, өнімнің атауын салыстыру, оның кімге берілгендігіне назар аудару қажет екендігін алға тартты.

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әлия Ахметова: -Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаменті сапаға сәйкестігін растайтын мекемелерге бақылау жүргізуге құзыретті. Егер сіздердің мекемелеріңізде заңбұзушылық фактілері анықталған жағдайда біздің департаментке жүгінулеріңізге болады, — дейді.  

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444