Орталық кітапханада Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқыланды
Бүгін Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласын насихаттау, түсіндіру мақсатында Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында жиын өтті. Жиында Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің архивисті Мақұлбек Рысдәулет, облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының аға ғылыми қызметкері Сауран Қалиев Елбасы мақаласына пікір білдірді. Бұл мақала “Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласының жалғасы екенін Елбасының өзі атап өткен болатын. Бұл мақала да елімізге, халқымызға дәл солай үлкен серпіліс әкелетіні айқын. Жаһандану кезеңінде, ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу, насихаттау әрі сақтау елді бекемдеудің тікелей кепілі. Айтылып өткен мәдени құндылықтарымыздың қоғам санасының тарихи жаңаруы үшін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынып отырған жобалар толықтай жауап беретіні анық. Оның ішінде, ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жетіжылдық бағдарламасын іске асыру еліміздің тарихын түгендеуге мүмкіндік береді. Түркі әлемі ежелден Қазақстанды − күллі түркі халықтарының қасиетті қарашаңырағы ретінде мойындайды. Ал Түркістан халқымыздың рухани орталығы ғана емес, сондай-ақ, бүкіл түркі әлемі үшін киелі орын болып саналады деген сөздер әрбір қазақтың жүрегіндегі мақтаныш сезімін оятады. Қазақ халқының өмір сүру дағдысы, тұрмысы, салт-дәстүрі жайлы білу, соны сақтап кейінгіге үйрету ұрпақтарының парызы. Ашқан жаңалықтарын, жеткен жетістіктерін кейінгіге аманаттап кетеді. Сол аманатты Елбасымыз Түркі әлемінің бесігі – Тәуелсіз Қазақстанның жастарына «Жастар жылын» жариялай отырып, шыққан тектерімен таныстырған мақала жолдап отыр.
Жиында “Қазақстан” РТРК” АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Жасұлан Әбдіхалық “Жас келсе – іске” деп, мақаланы насихаттап қана қоймай, іс жүзінда жүзеге асыру керектігін алға тарта отырып, өзінің бірнеше жоспарларымен бөлісті. Елбасы мақаласы мұнан өзге көптеген алқалы жиындарда талқыланып, көпшілік арасында насихаттала түспек.