ЖОЛ БЕРІП – ӨМІР СЫЙЛА!
Ағымдағы жылдың 20 қаңтар күні «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен облыс орталығында кезекті «Жол беріп – өмір сыйла» акциясы өтті.
Аталған акцияға күні «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен өрт сөндіру қызметінің және полиция басқармасының қызметкерлері қатысты.
Шара барысында өрт сөндіру көлігіне жол бермеген, сондай-ақ көп қабатты үйлер ауласына көліктерін қою арқылы арнайы техниканың өтуіне кедергі келтіретін көлік жүргізушілеріне «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңының 614-бабы бойынша жалпы саны 15 әкімшілік хаттама толтырылды.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, біздің тарапымыздан жол жүру кезінде арнайы көліктерге жол беріп, көліктеріңізді үй аулаларында арнайы техниканың өтуіне кедергі келтірмейтін орындарға қоюларыңыз сұралады. Себебі, әрбір адамның өмірі мен саулығы біз үшін аса маңызды.