ЭКСПО қонақтары этноауылды тамашалап, қазақ халқының тарихымен таныса алады

Енді ЕХРО көрмесі кезінде көне тарихтан сыр шертетін, қазақ халқының байырғы өмірін тамашалауға болады. Астана қаласының іргесінен ашылған «Қазанат» ипподромында «Этноауыл» бой көтерді. Мұнда келген қонақтарға, туристерге қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрі етене дәріптеледі. Осында еліміздің түкпір-түкпірінен келген он саусағынан өнер тамған зергерлер өз бұйымдар әзірлеп ұсынады. Сондай-ақ, этноауылда ұлттық ойындары да кеңінен насихатталады. Мұнда шетелден келген мәртебелі меймандар сайыс, қыз қуу, күміс алу сынды бабадан балаға жалғасып келе жатқан асыл мұрамызбен таныса алады. «Этноауыл» —  ЭКСПО-2017 көрмесіндегі мәдени-туристік бірегей жоба болып табылады. Меймандар өткенге саяхат жасап, көшпенділер өркениетімен танысып, батыр, шебер немесе бүркітшінің образына ене алады. Астанадағы этноауыл 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында жұмыс істейді. Осы үш ай ішінде шамамен 700-ге жуық шара өткізу көзделіп отыр. «Қазақ әуендері» АҚ вице президенті Сәкен Шакеевтің мәліметінше, шетелдік қонақтар үшін күнделікті концерттік шаралар өткізу жоспарланған. Мақсаты – ЭКСПО қонақтары мен келушілерін тек нано технологиялармен ғана емес, сонымен бірге қазақ халқының бай тарихы мен зор мәдени мұрасымен кеңінен таныстыру. Импровизацияланған ауыл «Қазанат» ипподромы аумағына 2500 шаршы метр аумаққа тігілген 30 киіз үйден тұрады. Сондай-ақ ойын-сауыққа да арнайы бағдарлама бар. «Сайыс», «Қыз қуу», «Күміс алу, «Алтыбақан» ойындары да өз көрермендерін табады деп күтілуде.

Ауыл аумағында қазақтың ұлттық музыкалық және театр өнері мен атбегілік және ұлттық спорт түрлерінен арнайы бағдарламалары да әзірленді. «Дәстүрлі аңшылық түрлері» секторында ұлттық аңшылық өнері таныстырылады. Мергендер мен саятшылар келушілерге бекзада өнердің қыр-сырын таныстрады. Ұлттық кешеннің тағы бір ерекшелігі қолөнер шеберлері болмақ. Үш ай бойы меймандар ұлттық қолөнер туындыларын тамашалап қана қоймай, олардың дайындалу барысына атсалыса алады.  Естеріңізге сала кетейік, аталмыш этноауыл Астана іресіндегі Қосшы ауылына бара жатқан жолдың жағасында орналасқан Қазанат атшабары (ипподром) аумағында бой көтерді.

Б.ҮПІБЕК

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444