Шымкенттің 99% тұрғыны табиғи газбен қамтылатын болады

Шымкент әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бұхарбай Пармановтың қатысуымен жоспарланған баспасөз брифингі өтті. Жиын барысында Бұхарбай Рысқұлұлы ведомстволық бағынысты салаларда атқарылған жұмыстар бойынша баяндады. Алдағы күндері Шымкенттің 99% тұрғыны табиғи газбен қамтылатын болады.

«Бұл көрсеткішке 2021 жылы шаһардағы үшінші АГРС-ті іске қосудың нәтижесінде жетеміз»- деп, мәлімдеді бүгінгі баспасөз брифингі барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бұхарбай Парманов. Аталмыш нысан іске қосылғанға дейін табиғи газбен қамтылмаған тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін қала әкімі Ерлан Айтахановтың бастамасымен «Түркістан облысы Сайрам ауданы Қасымбек Датқа елді мекенінен 25 мың м3/сағ газ алуға жеткізуші газ құбырының құрылысы (7,5км)» нысаны бойынша ЖСҚ әзірленуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444