Достығымыз әлемге әйгілі

Қазақстан халқы Ассамблеясы 25 жылдығы аясында

Славян этносының өкілі, Шымкент-Цирк ұжымының бишісі Елизавета Ивановна Штыб:

— 2015 жылдан бері Шымкент-Цирк мекемесінде биші болып еңбек етіп жүрмін. Мен жеті жасынан шығыс билерін үйрене бастадым, алғашқы ұстазым Арабина Елена Викторовна  болды. Қазіргі жетекшім Нулифар Иззатуллаевна. Цирк манежі қандай домалақ болса, цирк өнері де шығатын есігі жоқ домалақ шар секілді. Себебі, мұндай бас сұғып келген адам циркті тастап шығып кетуі қиын. Өйткені, цирк өнері – бір сиқырлы әлем. Ол өзіне сиқырлы күшімен тартып тұрады.

Қазіргі таңда цирк көптеген ұлт өкілдері еңбек етіп, барлығым да ешқандай араздаспай тату-тәтті ұжым болып өмір кешіп жатырмыз. Қазақстанда ұлтаралық достық пен келісім орнап ең бейбіт ел деген атаққа ие болды. Кеңестік дәуірден басталған, интернационалдық тәрбие мен идея қазір жаңаша жаңғырып, «Қазақстан ұлттар лабораториясы» бұл күнде, тіпті, өзгеше бір ұлттар достығының «брендіне» айналды десем қателеспеймін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444