Тараз қаласында үш инвестициялық жоба іске асырылуда

Тараз қаласында бес жүз он жеті жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Тараз қаласы әкімі Ғалымжан Әбдірайымовтың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды. Жұмыссыздық мәселесі еліміз үшін әлі де өзекті мәселенің бірі. Жауапты мекемелер тарапынан ауқымды жұмыстар да атқарылуда. Соңғы жылдары Тараз қаласында жұмыссыздық көрсеткіші біршама төмендеген. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы аталған мәселені түбегейлі шешіп тастамаса да күрмеуі кертілуіне біраз үлес қосуда. Бүгінде өңірдегі туу көрсеткіші артып, халық саны ұлғайып келеді. Жұмыссыздықты жою бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп отыр. Жәрмеңке бойынша жұмыспен қамтылған олар бүгінде тұрақты жалақы алып, жұмыссыздықтың тізімінен шыққандарына қуанышты. Тараз қаласында «Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жалпы құны 4 млрд. 897,0 млн. теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба іске асырылуда. Қосымша 517 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Олар:

– «KISC» ЖШС – болат, шойын балқыту цехын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Жобаның құны 1 млрд. 870 млн. теңге, қуаттылығы жылына 24 мың тонна. 150 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

– «Тараз арматура зауыты» ЖШС – құрылыс арматурасын шығаруға арналған жаңа цех құрылысы. Жобаның құны – 2 млрд. 177 млн. теңге, қуаттылығы жылына 200 мың тонна және 297 жұмыс орны ашылады.

– «Сәуле» кондитерлік фабрикасы» ЖШС өндіріс орнының екінші кезеңі (печенье) құрылысын жүргізуде. Жоба құны – 850,0 млн. теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы 4,5 мың тонна, ашылатын жаңа жұмыс орындар саны жетпіс бірлік.

Сондай-ақ, негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 41 млрд. 59,1 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 102,3% құрады. Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 115,2 мың теңге болып қалыптасты. Өңірдегі кәсіпоындар тұрақты жұмыс істеп, қала және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып жатса, нұр үстіне нұр. Сондай-ақ, Елбасы биылғы Жолдауында кәсіпорын басшыларына жұмысшылардың айлық жалақысын көтеру турады сенім білдірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444