Таразда 14 медиация кабинеттері жұмыс істейді

Тараз қаласында қоғамдық кеңес беру үшін 14 медиация кабинеттері ашылды. Бұл туралы  Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «ӨКҚ» алаңында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы медиаторлар кеңесінің төрағасы, «Новый регион» газетінің бас редакторы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің мүшесі Лариса Сафонова, облыстық сотының судьясы, Келісім координаторы Дінмұхамед Азретқұловтың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды.

2011 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Осы заңның қабылдануымен біздің елімізде медиаторлардың қатысуымен дауларды шешудің баламалы жолдарын дамыту үшін құқықтық шарттар жасалды.

Медиация рәсімін заманауи жағдайларда пайдалану соттардың жұмыс жүктемесінің тығыздығы уақытылы және қажетті процесс болып табылады. Медиация шынымен соттардың жұмысын жеңілдетуге көмектеседі және олар өте күрделі процесстерге назар аударуға мүмкіндік береді. Ал дау тараптарына ұзақ сот процедураларын және қосымша сот шығындарын болдырмауға мүмкіндік береді.

Заңға сәйкес, медиацияның қолданылу аясы болып жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардағы даулар мен қақтығыстарды анықтау болып табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Заңының қылмыстық процессінде шағын және орташа дәрежедегі жағдайларды қарастыру көзделмесе. Медиация бұл қақтығысты шешіп қана қоймай, тараптарға бейбітшілікті қалпына келтіруге және қарым-қатынасты жалғастыруға мүмкіндік береді.

Біздің аймақта, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Коғамдык келісім» КММ базасында медиация кабинеті ашылды, даулы мәселелер мен қақтығыстарға түскен азаматтады қабылдайтын қоғамдық қабылдау бөлмесі бар.

Сонымен қатар, облыстың аудандарында және Тараз қаласында қоғамдық кеңес беру үшін 14 медиация кабинеттері ашылды. Бүгінгі таңда облыста 72 адам жұмыс істейді, ал 2018 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша Жамбыл облысы бойынша Медиация бөлімшесіне 621 азамат өтініш білдірді. ҚХА медиаторларымен 481 жанжал және даулар шешілді. Шешілген мәселелердің негізгі түрлері: еңбек, азаматтық және отбасылық даулар.

Ал, медиацияны дамытудың басымдылығы – пікірлес серіктестерді іздеу. Жамбыл облыстық сотымен келісу бітімгерлік рәсімдерді дамыту саласындағы ынтымақтастық арқылы медиацияны дамытуға үлкен серпін берілді, келісім рәсімдерін әзірлеуде ынтымақтастық туралы 13 меморандум мен келісім жасалды.

Сондай-ақ, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Коғамдык келісім» КММ-де «Виртуалды медиация кабинетті» ашылды. Енді біздің облыс тұрғындарымыз өздерінің дауларын соттарға бармай, тіпті үйден шықпай-ақ шеше алады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444