Еңбекші ауданында биыл 18 спорт алаңшасы пайдалануға берілді

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»«Nur Otan» партиясы атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында, Шымкент қалалық мәслихатының, «Nur Otan» партиясының депутаты, фракция мүшесі Б.Аширбаев Шымкент қаласы, Еңбекші ауданының әкімі Д.Есилбекпен бірге аудан аумағындағы “Бадам-1” тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу барысында ауыл биі П.Құдайбергенов ағымдағы жылы осы елдімекендегі Набережная көшесінің бойында салынған ашық спорт алаңшасы тұрғындар үшін, әсіресе балалар үшін өте пайдалы спорттық жаттықтыру алаңы болғанын айтып, алғыс білдірді.
Қала әкімі М.Д.Әйтеновтің бұқаралық спортты дамыту және жастарды салауатты өмір салтына баулу жөніндегі тапсырмасы бойынша Еңбекші ауданында биыл 18 спорт алаңшасы пайдалануға берілді.

Тұрғындар игілігі үшін салынған спорт алаңшаларының 16-сы бюджеттен қаралса, 2-і демеушілер есебінен салынды.

Спорт алаңшалардың 6-ы шалғай елді мекенде, 4-еуі аудан орталығындағы жеке секторда және 8 алаңша көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында орналасқан.

 

Шымкент қалалық мәслихатының, «Nur Otan» партиясының депутаты, фракция мүшесі Аширбаев Байкен Аширбайулының парақшасынан.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444