Болашағы бір ел – бақытты ел

“Нұр Отан” партиясы Жамбыл облыстық филиалында облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Болашағы бір ел – бақытты ел” атты конференция өтті. Бұл «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі ұймдастырған шараның көздегені, еліміздегі этносаралық келісімді нығайту. Бүгінде елімізде тұратын этникалық аз санды халықтардың өзін- өзі дамытуға, қазақстан халықтарының мәдени құндылықтарын танып бағалауға барлық жағдай жасалған. Себебі: Қазақстан ғасырлар бойы діні, тілі бөлек әртүрлі халықтар достығының лабараториясы іспеттес.

Конференцияға Астана, Қарағанды, Алматы және Қызылорда қалаларындагы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушы-профессор құрамы мен студенттері катысты.
Алғашқы болып Астана және Алматы қалаларынан келген баяндамашылар өз баяндамаларын оқыды.

Пленарлық отырысты Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің Кеңес төрағасы, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Серікбол Берікқожа жүргізді. Алғашқы баяндаманы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Археология, этнология және музеология кафедрасының профессор міндетін атқарушысы, т.ғ.д. Бибізия Калшабаева жасады. Бибізия Қалшабаева, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

-Осы этносаралық қарым-қатынасты жақсарту және дамыту арқылы біз этникалық ізеттілікке жұмылдыру, яғни сол мақсатқа жету. Бұл деген сөз: Қазақстанда қаншама халық тұрсада бәрінің ойы мен пікірі, мақсаты Қазақстанды дамыту және өркендету, Қазақстанның саясатына бәрі бірдей көзқараста болу деген сөз, — дегенді айтты.

Сонымен қатар, Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрсейіт Қарабаев сөз алды. Ол аталмыш жоба шеңберінде ұйымдастырылған «Болашағы біртұтас ел!» посторлар және «Үздік мақала» атты журналистер арасында мақалалар байқауының қорытындысын шығарды.

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Конференцияның жалғасы секциялық отырыстармен жалғасын тапты. Онда студенттер мен магистранттар және оқытушы-профессор құрамдары баяндамалардан кейін өзара пікір алмасып, ой бөлісті.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444