Облыстың іскер әйелдер қауымдастығы жастардың өз кәсібін ашуына жағдай жасамақ

Президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдаған биылғы жылдың қазан айындағы жаңа жолдауында 2019 жылды жастар жылы деп жариялады. Онда: «Келесі жылды жастар жылы деп жариялап, іс-шаралар өткізу керек, оған біздің тәжірибеміз бар. Жастарымызды, Қазақстанның болашағын әр салада қолдауымыз керек”, – деді  Мемлекет басшысы. Мұның өзі Елбасының ел өрендеріне үлкен сенім артып, олардан зор үміт күтетіндігінің айғағы. «Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Өңірімізде жиырма алты мың жас болса, олардың дені жолдауда айтылған жаңашылдықтарға қолдау білдіруде.  Бұл жастарымызды әр салада көруге деген мол мүмкіндік. Сондықтан да, 2019 жыл жастардың жаңа дүниелерге қол жеткізуіне сара жол ашылатыны анық. Бұл тұрғыда Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы  жалынды жастардың өз кәсібін ашуына жағдай жасамақшы. Ендігі жерде тәжірибесі бар бизнес саласында кәсібін дөңгелетіп отырған ханымдар арнайы «Менторинг» курсын ашып отыр. Онда жастарға семинар – тренингтер жүргізіліп, біліктіліктері арттырылды. Менторинг үдерісінің негізгі мақсаты — тәлім алушыны кәсіби даму жолында өз бетінше және асқан жауапкершілікпен өзіне жүктелген кәсіби міндеттерді орындай алатын деңгейге жеткізу. Ментор өзінің тәжірибесімен және білімімен бөліседі, ал тәлім алушы өзінің кәсіби тәжірибесіне өзгерістер енгізу бойынша шешімдерді іздейді. Білікті маман шығару және оны жұмыспен қамтамасыз ету білім беруші және жұмыс ұсынушы мекемелер арасындағы бар байланысқа жаңаша сипат беретін болады.

Раушан Сәрсембаева, ҚР іскер әйелдер қауымдастығының президенті:

-Елбасы жолдауы өте маңызды. Онда жастар жылы деп жариялап, жастарға қолдау көрсетілуде. Осыған орай біз   «Менторинг» атты  программаны жүзеге асырудамыз. Онда барлық аймақтан келіп қатысқан өкілдерге тренингті қалай жүргізу керектігі үйретілді.  Бизнес саласында тәжірибесі бар іскер әйелдер  істің көзін қалай табу керектігі жайлы өздерінің көпжылдық тәжірибелерімен бөліседі. Мұндай бастамамалар болашақта өз жемісін береді деп ойлаймын. Ең бастысы белсенді әйел өзін дамыту үшін, үнемі ізденісте, білім қоры тереңде болуы шарт.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444