«Даму» Қоры делдалдармен жұмыс істемейді, сақ болыңыз!

Құрметті кәсіпкерлер!

«Даму» Қорының барлық бағдарламалары тегін және мемлекеттік қолдау құралдары үшін комиссия алынбайтынына назар аударамыз❗

«Даму» Қоры сырттағы консультанттармен және делдалдармен жұмыс істемейді❗

Сақ болыңыз❗

Жеңілдікпен несиеге оң шешім шығару, субсидия немесе кепілдік алу, оның ішінде микронесие бойынша ақылы қызметтер жайлы ұсыныстар – алдау және жолдан тайдыру. Бұл кәсіпкерлерді шатастырып, мемлекеттік қолдау шараларына деген елдің сенімін жояды.

1408 нөмірі бойынша «Даму» Қорының колл-орталығына (тегін) қоңырау шалып немесе мемлекеттік бағдарламаларға қатысатын ЕДБ және МҚҰ колл-орталықтарына хабарласып, сенімді ақпарат алуды сұраймыз. Немесе Түркістан қ. , Жаңа қала м.ауданы. 28 көш, 5 ғ. мекенжайы бойынша кеңес алуға болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444