Шымкент: Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті

Бүгін қала әкімі М. Әйтенов штабтың мәжілісін өткізіп, онда қала аумағында қауіпсіздік шараларын күшейту, стратегиялық нысандардың дайындығын арттыру, мекеме қызметкерлері мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, төлемдерге байланысты барлық құжаттарды қабылдау және түсіндіру жұмыстары электронды түрде жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар, тиісті мекемелерге көпшілікке үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Карантинге дейін стратегиялық маңызды нысандарда жұмыс істейтін мамандарды жұмыс беруші өндіріс аумағында еңбек етуіне жағдай жасауы керек. Ол үшін нысан аумағында арнайы жатақхана жабдықтап, қызметкерлерін сол жерлерге орналастыруына болады. Бұл құрылыс пен өндірістің қажеттілігіне байланысты. Дегенмен бірінші кезекте күшейтілген күзет пен қауіпсіздікті сақтау ескертілді.
Азық-түлік дүкендері мен базарлардағы сауда қатарлары санитарлық нормалар бойынша жұмыс істейді.
Қала басшысы тиісті сала жетекшілеріне блок-бекеттерді көбейту туралы тапсырма берді. Сондай-ақ, қаладағы «Сергек» бейнекамерасы ахуалдық орталыққа қосылып, жағдай сол камералардың көмегімен бақылауға алынады.
Бекітілген ережеге сәйкес, қалаға ешкім кіріп-шықпайды. Өйткені Шымкенттің аумағы үлкен, халық саны миллионнан асады. Сондықтан жұрт шоғырланған жерде қауіп пен тәуекел көп.
Айта кетейік, індетті жұқтыруы мүмкін деген қаупі бар азаматтардың барлығы тексеруден өтеді. Қалада залалсыздандыру жұмыстары күшейтіліп, қалыптасқан жағдай тұрғындарға уақытылы хабарланады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444