Тиісті сападағы тауарды қалай қайтаруға немесе айырбастауға болады?
⠀
Тауар сатып алдыңыз, алайда ол өзіңізге сәйкес келмеді. Не істеуге болады? Әрине де айырбастауға немесе қайтаруға болады.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 14-бабына сәйкес өзіңізге азық-түлікке жатпайтын тауар берілген кезден бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде (егер сатушы немесе дайындаушы неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса) сатып алынған тауарды сатып алу орнында немесе сатушы (дайындаушы) хабарлаған өзге де орындарда бағасында айырма болған жағдайда, сатушымен қажетті қайта есеп айырыса отырып, басқа мөлшердегі, нысандағы, габариттегі, пішіндегі, түстегі, жиынтықталымдағы және осы тәрізді соған ұқсас тауарға не тараптардың келісімі бойынша басқа тауарға айырбастауға құқығыңыз бар.
⠀
Сіз келесі талаптарды сақтаған жағдайда:
тауар пайдаланылмаған;
тауардың тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары сақталған;
сіз тауарды сатып алу фактісін растайтын құжатты сақтаған жағдайда ғана Сатушы тиісті сападағы тауарды айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.
⠀
Егер тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат жоғалған немесе қандай да бір себептермен берілмеген жағдайда, осы сатушыдан (дайындаушыдан) сатып алу фактісін дәлелдесеңіз ғана тауарды айырбастау немесе қайтару жүргізуге құқығыңыз бар.
(«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 30-бабының 1-тармағы)
⠀
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 18-бабының 2-тармағына сәйкес:
куәлардың айғақтары;
фото- және (немесе) бейнетіркеу;
сатып алуды растайтын басқа құжаттар сатып алу фактісінің дәлелдемесі бола алады
Шымкент қаласы бойынша
Сауда және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің
бас маманы А.Нұрғали
.