ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІН БІЛДІРЕТІН ӨКІЛДЕР

  1. Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау кезінде мыналар олардың өкілдері бола алады:
    1) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар);
    2) “Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын заң консультанттары;
    3)адвокаттар;
    4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де тұлғалар.
    2. Тұтынушылардың заңды мүдделерін білдіретін өкілдер тұтынушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды (зиянды) өтеу үшін қажетті шараларды қолдана отырып, өз міндеттерін тиісінше орындауға міндетті.
    3. Тұтынушылардың заңды мүдделерін білдіретін өкілдер тұтынушыға қаржылық шығындардың сипаты мен мөлшерін қоса алғанда, көрсетілетін өкілдік қызметтердің ықтимал нәтижелері мен салдарын түсіндіруге міндетті.

 

Шымкент қаласы бойынша

Сауда және тұтынушылардың

құқықтарын қорғау департаментінің

бас маманы Д.Сейтаев

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444