Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына жол бергендерге тиісті шара қолдану ұсынылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті Түркістан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерімен ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде мәжіліс өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дәулет Нарымбетов, облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысты.

Шара барысында Дәулет Әбдіғаниұлы мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының қағидаларын бұзбауды, мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық белгілері байқалған жағдайда сенім телефонына немесе құзырлы органдарға хабарлау туралы тақтайшалар орналастыруды, ішкі саясат бөлімдерінің  басшыларына сыбайлас жемқорлық заңмен қудаланатыны туралы және оған жол бермеу туралы түрлі бейне роликтер көрсетуді және мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді тапсырды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында өткен жиында облыстық Қоғамдық даму басқармасының бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істің мән-жайы бойынша баяндама жасалды.

Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылығы, өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік тәртіп пен әдепті бұзуы, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, қызмет барысындағы шектеулерді сақтамауы — имиджге нұқсан келтіретінін атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444