ШЫМКЕНТТЕ СУ АРНАЛАРЫНЫҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Шымкент қаласының аумағында орналасқан 3 су арнасына қазір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Шапырашты су арнасының күрделі жөндеу жұмыстарының -80%-ы, Чумчак 98%-ы, Сай ниже водопада- 95%- ы аяқталуға жақын деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Аталған су арналарының құрылыс жұмыстарына жалпы саны 37 техника 58 жұмысшы жұмылдырылды.
Бүгін тиісті басқарма қызметкерлері жергілікті шаруалармен кездесіп, кездесу барысында тұрғындар жауапты мамандарға өз ұсыныстары мен талаптарын ашық жеткізді. Сондай-ақ 5- мамырдан бастап ағын су беру науқаны басталады деп жоспарлануда.