ТҮРКІСТАН: АУДАН ӘКІМІ ЖАСТАРДЫ ӨЗ АРМАНЫНА АДАЛ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков белсенді жастармен табиғат аясында бейресми форматта кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты — адалдық негізінде жастарымыздың өзіндік бағдарын анықтауына жол көрсететін дұрыс тәлім — тәрбие беру.

Айта кетсек, ар тазалығы мен пайым-парасатты биік қоятын Ұ.Сәдібекұлы ел  жастарын патриоттық рухта тәрбиелеуге, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге және адал еңбекті өмірлік азық етуге  қашанда басымдық беріп келеді.

Ол сөз сөзінде ел ертеңі өскелең жас буынның  қолында екенін,  ол үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастардың белсенділігі аса маңызды екендігін атап өтіп, жастар жемқорлыққа қарсы іс-қимылда алдыңғы қатарда болуы тиіс екендігін тілге тиек етті.

Шара барысында аудан әкімі мектептегі білім алған кездері, Парасат клубының жұмысында жастар мәселесіне қатысты сауалдардың қаралуы және оған жастардың қатысуы, әкім болудағы мақсаты, ұлттық құндылықтарды сақтауға байланысты ойлары,  дресс-код немесе күнделікті киімдерге қатысты талғамы сияқты сауалдарға бүкпесіз жауап беріп,  жастардың ашықтығына, ойларының анықтығына алғысын білдірді.

Бейресми бас қосуға келген белсенділер аудан басшысына өз ұсыныс- пікірлерін ашық айтып,  қызықтырған сауалдарына жауап алды.

Парасатты тұлғамен өрбіген ашық сұқбат жастардың өмір жолына оң бағыт-бағдар сілтеп, арман-мақсаттарын айқындауға мүмкіндік берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444