АКАДЕМИЯ РЕКТОРЫ МЕН ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТТЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Рухани мекен — Түркістан облысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ректоры Е.Әбіл Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев  ынтымақтастық кездесуін өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты  — мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңа міндеттер, стратегиялық менеджмент және бағдарламалық құжаттарды жан-жақты талқылау.

Мақсатты жиынға Академияның облыстық филиал басшылығы, Департаменттің және «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мамандары қатысты.

Ынтымақтастық кездесу барысында алдағы уақытта атқарылатын бірқатар мәселелер шеңберінде сөз қозғалды. Атап айтсақ, облыс аумағында комплаенс қызметін жандандыру, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің жеке құзыреттерін жетілдіру және ISO 37001:2016 «Парақорлықпен күрес менеджмент жүйесі» халықаралық стандартын облыстағы ұйымдарға тарату.

Кездесу соңында Ерлан Қуанышұлы академия филиалымен кездесулер әлі де өз жалғасын табатынын айта келе, ынтымақтастықты нығайту мақсатында алдағы уақытта атқарылар бірқатар іс-шаралар жоспары құрылды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444