ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
2019 жылдың 25 желтоқсан күні өңір тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан облыстық ақпараттық-ағарту Штабы құрылып, Штаб облысқа қарасты қала/аудандардан жасақталған Штаб мүшелері өз жұмысын бастаған болатын.
Осы орайда, бүгін Штаб төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Түркістан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімді жүзеге асырылуына және өңірде адалдық идеялогиясын ілгерілетуде, сондай-ақ Агенттік бастамасымен құрылған Штаб жұмысының жоғары деңгейде жұмыс атқаруына белсенді үлес қосып жүрген Штаб мүшелерімен жүздесіп, Департамент басшысы Хаким Көшқалиевтің арнайы Алғыс хатын табыстады.
Айта кетсек, екі жылға жуық уақыт ішінде Штаб мүшелері адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын кең көлемде насихаттау бойынша халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіп келеді.