ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ГЕРМАНИЯ МЕН УКРАИНА ЕЛІНЕН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТЕР КЕЛДІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жанынан құрылған Жұмысшы топ Германия және Украина елінен гуманитарлық көмек ретінде жеткізілген медициналық тауарлардың облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына толық орналастырылуына бақылау жасады.

Мониторинг жұмысына Департамент басшысының бірінші орынбасары М.Қарғабай, «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері мен белсенділер қатысты.

Басты мақсат — медициналық тауарлардың денсаулық сақтау ұйымдарына уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу.

Гуманитарлық көмек ретінде 160 қорап меропенем — виста препараты, 3230 қорап левофлоксацин-новофарм препараты, 6 қорап ибупрофен 600 мг препараты, 1 қорап ибупрофен Атид 600 мг препараты және 690 дана KN95 медициналық маскалар бар.

Мониторинг барысында әр тауарға үшінші тұлғалардың, делдалдардың, алып-сатуына жол бермеу мақсатында «ТЕГІН» деген арнайы мөр басып, гуманитарлық көмектің заңсыз сатылымға шықпауын қадағалады.

Қос елден келген медициналық заттар жақын күндері Түркістан өңіріне қарасты барлық қала/аудандарда орналасқан мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеткізіліп, қала/аудандардағы жергілікті «Адалдық алаңының» менеджерлері толық тасымалдануын жіті бақылайтын болады.

Және әр күн сайын Түркістан өңіріне шет мемлекеттерден келген гуманитарлық көмек пен дәріханалардағы баға тұрақтылығына Департамент тарапынан мониторинг жұмыстары тұрақты негізде өз жалғасын табатын болады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444