ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ «ПАРАСАТТЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА» ТҰРҒЫНДАРДЫ АЛАҢДАТҚАН ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ҚҰЛАҚ ТҮРДІ
2020 жылы ел игілігіне берілген «Парасаттылық орталығында» кеңсеге келіп түскен өтініш-шағымдар бойынша мемлекеттік органдардың басшылық тарапынан тұрақты негізде қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылып, тұрғындарды мазалаған мәселелер «Парасаттылық орталығы» арқылы жедел шешімін табу қарастырылған болатын.
Бұл үрдіс бүгінгі күні де өз жалғасын тауып, тұрақты негізде басқосулар, жиындар өткізіліп келеді.
Осы мақсатта, бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары
М.Қарғабай Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүйелі жүзеге асыру бойынша қоғамдық қабылдау өткізіп, қала тұрғындарының Атаулы әлеуметтік көмек алу, тұрғын-үй құжаттарын заңдастыру, «Бизнес бастау» бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант алу және жұмыссыздық мәселелері бойынша алаңдатқан түйткілді мәселелеріне құлақ түрді.
Қоғамдық қабылдауда тұрғындардың талап-тілегі тыңдалып, мәселелердің шешу жолдары жедел қарастырылды және тиісінше заң аясында құқықтық кеңестер берілді.
Айта кетсек, қала тұрғындарының талап-тілегіне құлақ түріп, азаматтарға тегін құқықтық кеңес беру арқылы заң шеңберінде проблемалық мәселелердің шешу жолдарын жедел қарастыратын «Парасаттылық орталығында» алдағы уақытта бекітілген кестеге сәйкес, лауазымды тұлғалар тұрақты негізде өңір тұрғындарымен жеке қабылдаулар өткізетін болады.