«САПАЛЫ ЖОЛ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САРЫАҒАШ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРДІҢ ЖОЛДАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті автокөлік жолдарының сапасына сараптама жүргізу арқылы төселген жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға және жолдарды төсеу және жөндеу кезінде туындайтын сыбайлас жемқорлық деректерінің алдын алуға айрықша басымдық беріп келеді.
Осы мақсатта кезекті мониторинг жұмыстары облысқа қарасты Сарыағаш ауданына қарасты көшелерге жүргізіліп, Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Ғабит Жүндібаев пен «Түркістан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Ердәулет Әдиат бастаған жұмысшы топ Сарыағаш ауданына қарасты жолдардың сапасы мен қауіпсіздігіне мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Жол сапасын сараптау мақсатында жүргізілген қоғамдық бақылау жұмыстарына Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Түркістан облыстық филиалының өкілі Д.Кешубаев, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Адилбеков, «Сарыағаш – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ.Иматов пен мердігер компания өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Кешенді мониторингтік бақылау жұмыстары барысында жол құрылысының талаптары тексеріліп, жылжымалы жол зертханалық көлігі арқылы Көктөбе мөлтек округіне қарасты Т.Оспанов және Оразалы ата, сондай-ақ О.Өтегенов пен Борашев көшелеріне төселген жолдардың құрамы мен стандарты сараланып, салынған асфальт бетон жамылғысынан кесінділер алынды.
Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, аталған көшелердің асфальт бетон жамылғысының қалыңдығы мен тегістігі сметалық талаптарға сәйкес келетіндігі белгілі болды.
Айта кетсек, алдағы уақытта да Түркістан облысына қарасты барлық қала/аудандардың жолдары жиі бақылауға алынып, «Сапалы жол» жобасы аясында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына жылжымалы жол зертханалық көліктері арқылы мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444