СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ ЖИЫН САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ӨТТІ

Бүгін Сарыағаш ауданына арнайы жұмыс сапарымен барған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басқарма басшысы Ғабит Жүндібаев аудан көлемінде жиі ұшырасатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында бірқатар мақсатты топтармен кездесу өткізді.
🔰Жиынға аудандық білім беру ұйымдарының мамандары, жұмыспен қамту орталығы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері қатысты.
🔰Өз кезегінде Ғабит Өмірәліұлы ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап әкімшілік заңнамадағы түзетулердің күшіне енгендігін және бұдан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы, жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы және заңсыз кірістер алуы сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға және олардың жолын кесуге уәкілетті болып табылатынын жеткізді.
🔰Ауданда сыбайлас жемқорлық деректері бойынша көш бастаған салалардың туындау себептері талқыланған жиын соңында жемқорлық деңгейін төмендету бойынша бірқатар ұсыныстар тыңдалып, қоғам індетімен күрес шаралары барлық мемлекеттік орган басшысының қызметінде басым бағыттардың бірі болуы қажет екендігі ескертілді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444