ОБЛЫСТЫҚ ШТАБ ТӨРАҒАСЫ ӘКІМШІЛІК ЗАҢНАМАДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРМЕН ТАНЫСТЫРДЫ

Департамент жанынан құрылған облыстық үгіт-насихат Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев облыстық Мәдениет басқармасының Конгресс холл коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжым қызметкерлерімен жүздесіп, парасатты қоғамды қалыптастыру бойынша келелі жиын өткізді.
✅Жиын барысында сөз алған Е.Тұңғышбаев Агенттіктің бастамасымен халықпен сындарлы сұхбат құру және адалдық және тұтастық қағидаларын кеңінен дамыту мақсатында құрылған Штабтың негізгі бағыттарын ортаға салып, көлеңкелі қылмыстың жолын кесу — әрбір ел азаматына жүктелген ортақ міндет екендігін жеткізді.
✅Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралу Кодексіне енгізілген толықтырулармен таныстырып, заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтарды алу және беру бойынша көрілетін жауапкершіліктің күшейтілгенін мәлімдеді.
✅Кездесу соңында жиынға қатысушылар тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауап берді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444