«Ұлт үні» керуені байқауының кезекті концерттік бағдарламасы өткізілді

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы және «Қазақтану» жобасы бойынша «Үлт ұні» керуені байқауының кезекті концерттік бағдарламасы Шымкент қаласының «Жол-көлік» колледжінде өтті. «Ұлт үні» керуенінің мақсаты — татулықты нығайту арқылы Әл-Фараби, Абай, Шәмші Қалдаяқов сынды қазақтың танымал тұлғаларының шығармаларын насихаттау, өнер саласында қазақ халқының өнерін танытуға үлес қосқысы келетін этнос жастарын анықтап, оларға қолдау көрсету.

Айта кетейік, «Қазақтану»жобасы аясындағы байқау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның қолдауымен Ішкі саясат және жастар істері басқармасы ұйымдастырған болатын. Байқаудың үздік қатысушылары Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында марапатталады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444