Біз бәріміз бір отбасындаймыз…

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында

Викторова Екатерина Валентиновна, «Шымкент-Цирк» ұжымының клоунессасы, славян диаспорасының өкілі:

-Көптеген жылдар бойы циркте жұмыс істеп келемін. Шетелде Ресей, Молдава, Украина, Сібірде, Кавказда циркте тәжірибеден өтіп, әрі осы елдердің барлығында жұмыс істедім. Шымкент-циркінде жұмысқа орналаспас бұрын Алматы қаласындағы цирк сахнасында клоунесса болдым.

Мен циркті бір отбасы дер едім. Мұнда біз шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан жандар секілдіміз, әрқайсымыз әртүрлі ұлттардан құралсақ та, бір-бірімізбен сыйласып, туысқандай араласамыз.

Жас кезімде би биледім, акробат болдым. Бұл күндері күшіктерді жаттықтырушымын, мұның алдында маймылдарды үйреттім. Біздің ұжымдағы ерекшелік деп – біздің берік достастығымды айтар едім.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы – Қазақстанның бұған дейінгі жеткен жетістіктерін көрсетеді. Бұл жылдар ішінде Қазақстан әлемге өзін дамушы мемлекет ретінде танытып келеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444