ТӘЖІК ЭТНО-МӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІ
Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл
Бүгінде Шымкентте мыңға мыңға жуық тәжік этносының өкілдері бар. 1995 жылы Ж. Давронов, Б. Кочкаров, А. Худайкулов, А. Кошаров сынды белсенді азаматтардың ұйытқы болуымен тәжік этно-мәдени бірлестігі құрылған. Бүгінде Мақтаарал ауданындағы № 114 мектеп директорының орынбасары қызметін атқарушы Юлдаш Султанов жетекшілік ететін бірлестіктің Шымкент қаласы мен Сарыағаш ауданында филиалдары жұмыс істейді. Сондай-ақ, орталық жанында жастар қанатының жұмысы жолға қойылған.
Сан алуан ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына біріктірген қазақ елінде тәжік этносы өкілдері де бірлік пен берекеде тіршілік етуде. Өңірде тәжік этносы айналадағы ағайынмен тонның ішкі бауындай сыйласып, аралас-құралас ғұмыр кешіп жатыр. Еліміздің Ата Заңына сәйкес, әр этностың тілі мен дінін, салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтауға, дамытуға барлық жағдай жасалған.