Игі бастамаларға грузин этномәдени бірлестігі тұрақты қолдау көрсетіп келеді

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы құрметіне орай ұйымдастырылған Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні мерекесі Шымкент қалалық Қоғамдық келісім КММ-інің ұйытқы болуымен аталып өтіп, қаладағы грузин этномәдени бірлестігі онлайн көрме өткізді. Бірлестік төрағасы Бочоришвили Заал Резоевич құттықтау сөз сөйлеп, этномәдени қоғамдық бірлестіктің бүгінгі хал-ахуалына тоқталды. Осыдан 15 жыл бұрын бастамашыл топтың нәтижелі жұмысының арқасында қаламызда грузин этномәдени орталығы құрылған. Бүгінде бірлестік жанында жастар қанаты бар.

Қазақстандағы мемлекеттік саясатқа соның ішінде ел татулығы мен бірлігін бекемдеу, тың тірліктерді іске асыру сынды елдігімізді танытар игі бастамаларға грузин этномәдени бірлестігі тұрақты қолдау көрсетіп келеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444