БІРЛІГІМІЗ ЖАРАССЫН

Бейбітшілік пен этностар арасындағы достықты ерекше бағалайтын елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының орны бөлек. Елімізде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері татулықты сақтап, ел дамуы жолында маңызды рөл атқарып отыр. Биыл аталған ұйымның құрылғанына — 25 жыл. Бейбітшілік пен бірліктің маңызын ұғынған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы идеясын жарияласа, құтты мекенге тұрақтылықтың тамырын жайғызатын, бірлікке сызат түсірмеуді көздейтін Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылдың 1 наурызында құрылды. Елбасының сол жылдары жасаған қадамы өз жемісін беріп, жұртшылықты жетістікке бастады, ең бастысы бүгінде — Ассамблея татулық пен тыныштықтың тірегіне айналды. Ассамблея еліміздегі бірлікті сақтауда маңызды рөл атқарып отыр. Соның арқасында Қазақстанды мекен етіп отырған этнос өкілдерінің достығы көрініс табуда. Бір сөзбен айтқанда, сонау жылдары Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің өміршеңдігін танытып қана қойған жоқ, қазіргі таңда одан әрі өрлеу үстінде.

Көптеген этностардың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгілік жолды нұсқап келеді. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Тәуелсіздік тұғырын әрқашан биік ұстайық! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бірлігіміз одан әрі жараса түссін!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444